«WorldSkills Turkestan-2023»

 

     «WorldSkills Turkestan-2023» кәсіби чемпионатының  облыстық кезеңі  сәуір айының 24 мен 28 күндер  аралығындағы өткізілді. Бұл чемпионат техникалық  және кәсіптік орта білімінен кейінгі білім ұйымдарының білім алушыларының (студенттер) арасында ұйымдастырылды.

   «WorldSkills Turkestan-2023» кәсіби чемпионатының  мақсаты: уақыт талабына сай студенттердің креативтілік қабілетін дамыту, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдалануға ынталандыру.Студенттердің танымдық қызметін белсендіру, инттеллектуалдық білімге құштарлықтарын, шығармашылық жұмыстарға деген құлшынысына демеу. Іскерлігін қалыптастырып, өз ойын жеткізе білуге бейімдеу. Біліктілігін арттыру, қолдау. Өзіндік жұмыс жасау машықтығын жетілдіру, қабылдауларына мүмкіндік беру. Шығармашылық қабілеттерін арттырып, табыс көзін табуға талпындыру. Ақпараттық –коммуникативтік технологияны меңгеру мен қолданудағы тәрбиелік мәнін ұғындыру. Студенттердің рухани дамуына патриоттық тәрбие мен мәдениеттілікті дамыту мен көшбасшылыққа баулу.

 Чемпионатқа облыс бойынша 214 студент қатысып,  33 құзыреттілік бойынша бақ сынады. Соның  ішінде Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжінен колледж құрылтайшысы Нишанбаев Закир ағай мен колледж директоры Ергашева Раушан апайымыз өз қолдауларын білдірді. Бақтарын сынауға «Жеңіл автокөліктерді жөндей және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Исамеддинов Гафуржан ағай мен Эрниязов Ойбек ағайлардың жетекшілігімен Азатбеков Ахрор, ал «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойыншаАхмедниязова Нилюфар апайдың жетекшілігімен Ниязалиева Дилдора студенттеріміз қатысты.

Share this Post