Құрметті Отандастар!
Сіздерді алда келе жатқан Ұлы Отан соғысының 77 жылдығымен құттықтаймын!
Бар байлығым – Атам деп айта аламын
Мен, Арыс қаласындағы «Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесің директоры Бердімбет Алтынай осындай айтулы мерекеге орай өз атамыз Бердімбетұлы Мәдібек жайлы айтпақпын.
Атамыз Ұлы Отан Соғысының ардагері Бердімбетұлы Мәдібек 1906 жылдың 17 тамыз Ордабасы ауданы Ленин бөлімшесінде дүниеге келген. Атамыздың өмірбаянына келер болсақ, жасынан зерек болып совхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, ішкі әскер болып, Украина мен Мәскеу жерлеріндегі ірі шайқастарға қатысады. Польша, Висла өзенінен өтіп,Франкбург қаласын азат етіп Берлинге дейін жеткен. 1945ж желтоқсан айында снарядтың жарықшасынан қатты жарақаттанып елге қайтады. Наградалары: Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін «За отвагу» медалі; «За оборону Сталинграда» медалі. Сондай-ақ Маршал Жуковтың берген мақтау грамоталарымен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан Ордабасы ауданы Ленин бөлімшесінде зав ферма болып еңбек етеді. Елге оралғаннан кейін Ордабасы ауданы Ленин бөлімшесінде зав ферма болып еңбек етіп, 1952 жылы зейнеткерлікке шыққан. Атамыз Ұлы Отан Соғысының ардагері Бердімбетұлы Мәдібек 7-ұл-қызы тәрбиелеп өсірген
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні Қазақстан мен ТМД-да ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де кеңінен атап өтіледі. Бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орны бар. Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс күніне елімізде көптеген іс-шаралар өткізілді. Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Өмірі өнегеге толы атамызды біз әрдайым мақтан тұтамыз.

 

 

 

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі»мекемесінің студенттері «Жақсылық жасау»атты тақырыбында Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Рыстаймен кездесті.Кездесудің мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында діни сауаттылықты арттыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2022-жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 25-29 сәуір аралығында «Иманды қыз,аяулы ана» тақырыбында кездесу өтті.

 

 

 

 

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі»мекемесінде 1-мамыр Қазақстан Халқының бірлігі мерекесі аталып өтті.Іс-шараға студенттер бірлік,достық,бейбітшілік ұғымы туралы өз ойларын жеткізу мақсатында,топтар арасында сурет байқауы өткізілді.