1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысының 77 жыл толуына орай, «Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі»мекемесінің ерікті жастары қаламыздағы ардагер Акилбекова Тілләқыз және Бекманбетова Жаңалыс апаларымыздың үйіне барып ауласына тазалық жұмыстарын жүргізуге ат салысты. Сонымен қатар, ардагер апаларымыз ерікті жастарымызға өз алғыстарын айтып,болашақта жолдарының ашық болуларын тілеп,ыстық ықыластарын білдірді.