⚜️ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ (КОЛЛЕДЖ) СТУДЕНТТЕРІ!
📢📜«Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мамыр айының 24-28 жұлдызы аралығында “Таза сессия” акциясы аясында онлайн сауалнама жүргізетінін хабарлаймыз.
💻🖊Онлайн сауалнаманың басты мақсаты: Оқу орындарындағы емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу және ашықтықпен академиялық адалдықты қамтамасыз ету.
❗🔺Акция нәтижесі білім беру ұйымындағы оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды және білім ордасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
🔷Сауалнама 10 сұрақтан тұрады және 1 минут уақытыңызды алады.
🔸Толтырушы туралы ақпарат құпия сақталады.