«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесінің ішкі тәртіп ережелері

 

БЕКІТІЛСІН

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесінің педагогикалық кеңес қаулысы негізінде  «    29    »      тамыз         2019жылғы

 хаттамасы

 

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесінің ішкі тәртіп ережелері

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1 Ішкі тәртіп ережелері ҚР «Еңбек кодексі» , «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарына, колледж жарғысына, оқушылармен колледж арасындағы келісімге, еңбек шартына негізделіп жасалынған заңды құжат болып табылады.

1.2 Ішкі тәртіпережелері талаптарын колледждің әрбір қызметкері және оқушылары мен студенттері орындауға міндетті.

1.3 Ішкі тәртіп ережелері колледждің педагогикалық кеңесінде бекітіледі.

1.4 Ішкі тәртіп ережелерінің мақсаты колледжішілік еңбек тәртібімен адамгершілік, мәдениеттілік , құқықтық, педагогикалық-этика нормаларының сақталуын реттеу болып табылады.

1.5 Ішкі тәртір ережелері, оның талаптарын орындамай бұзған қызметкерлер мен оқушы, студенттерге жауапкершілік шараларын қолдануға немесе еңбек шарты мен оқушы, студенттермен жасасқан келісімдерді әкімшілік бастамасымен бұзуға негіз болады.

 

  1. Колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің міндеттері.

 

2.1 Қызметті адал әрі сапалы, дер кезінде атқаруға;

2.2 Әкімшілік тапсырмаларын және лауазымдық міндеттерін бұлжытпай орындауға, уақытты тиімді пайдалануға;

2.3 Еңбек тәртібін қатаң сақтауға;

2.4 Мына іс-әрекеттер еңбек тәртібінің бұзылуына жатады;

— жұмысқа кешігіп келу;

— белгілі себептермен жұмысқа келу мүмкіндігі болмаған жағдайда колледж басшыларына алдын ала, жұмыс уақыты басталғанға дейін хабарламау. (жұмыста дәлелсіз себептермен 3 сағат болмау, 1 жұмыс күні болып есептеледі);

— белгісіз себептермен жұмыста болмау;

— сабаққа күнделікті дайындықсыз, яғни күнделікті сабақ жоспарынсыз келу;

— техникалық қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына жол беру;

— педагогикалық этика нормаларын орындамау немесе толық орындамау;

-колледждің құпия мәліметтерін жариялау;

— жалған мәліметтердің, жұмыс нәтижелерінің, есептердің берілуіне жол беру;

— жұмыс орнын өз бетінше тастап кету;

— еңбек шарты талаптарын орындамау;

— жұмыс орнында санитарлық нормаларды сақтамау;

— колледж мүліктерінің бүлінуіне жол беру;

-өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлықпен қарау салдарынан білім алушылардың денсаулығына жеңіл-желпі зиян келтіру;

2.5 Педагогикалық кеңес, директоржанындағы мәжіліс, ғылыми кеңес отырыстарына, колледжде өтілетін іс-шараларға белсене қатысуға;

2.6 Колледж ауласын тазалау, көгалдандыру шараларына белсене қатысуға;

2.7 Дәрісханаларды (оқу кабинеттерін) эстетикалық талғамда безендіруге, мүліктердің бүлінуіне жол бермеуге, санитарлық-гигиеналық деңгейде ұстауға, оқу-дидактикалық, көрнекі құралдармен толықтыруға;

2.8 Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз етуге, қатыспау себептерін анықтауға;

2.9 Оқушы ата-аналарымен жүйелі түрде тығыз байланыста болуға;

2.10 Өзіндік біліктілік деңгейін үнемі арттыруға;

2.11 Негізгі орта, жалпы орта білім беретін мектеп бітірушілер арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуге;

2.12 Атқарылған жұмыстары туралы есеп беруге;

2.13 Әр оқытушы оқушылар (студенттер) арасындағы тәртіптілікті бақылауға, қадағалауға, тәртіпсіздіктің орын алуына, оқушылардың коридорда жүгіруіне, оқу процесі жүріп жатқан кезде сабаққа кірмей аулада, коридорда бос сенделіп жүруіне тиым салуға; колледж ғимараты қабырғаларын бүлдіруге, коридорда дауыс көтеріп сөйлеуге, өтіп жатқан сабақтарға кедергі келтіруге жол бермеуге; Сабақтан кешіккен оқушыларға себебін анықтап ескерту жасауға;

2.14 Кезекшілік кезінде кезекші міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға; Бөгде адамдардың жүруіне жол бермеуге;

2.15 Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтауға;

 

  1. Оқушылар мен студенттердің міндеттері

 

3.1 Ішкі тәртіп ережелері, колледж жарғысы, оқушы (студент) мен колледж арасындағы келісім талаптарын бұлжытпай орындауға;

3.2 Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға, теріс қылықтарға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге, өзі де айналыспауға, есірткіге, нашақорлыққа, зиянды әдеттерге әуестенбеуге;

3.3 Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда өзінің жоғары мәдениетті, алауатты, көргенді отбасының, ортаның ұл-қыздары екендігін көрсете білуге, өзгелерге үлгі бола білуге;

3.4 Адамгершілік, имандылық, отансүйгіштік, ұлттық намысқойлық қасиеттерді қастерлеуге;

3.5 Өзі білім алып жатқан білім ұясының мүлкін көз қарашығындай сақтауға, күтіп ұстауға, оқушы жиһаздарына, қабыоғаларға жазу, сызу сияқты мәдениеттілікке жат іс-әрекеттер жасамауға;

3.6 Сабақтан кешікпеуге;

3.7 Сабақтан себепсіз қалмауға, себепті жағдайлармен сабаққа қатыса алмаса, сол күні сабақ басталғанға дейін колледжге (топ жетекшісіне) хабарлауға;

3.8 Колледждің педагог қызметкерлерін өзгелердің құқықтарын, ар-намысын, өзге ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін құрметтеуге;

3.9 Үзіліс кезінде коридорда жүгірмей, дауыс көтеріп айқайламай жүруге. Оқу процесі, сынақ емтиханының өтуіне кедергі келтірмеуге;

3.10 Ата-ананың абырой-беделіне, ар-намысына итіл тигізетіндей іс-әрекеттерге, теріс қылықтарға бармауға;

3.11 Қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылатындығын әрдайым есіңе алып жүр; Ол үшін қылмыстық, құқықтық, әкімшілік туралы заңдарды оқып-үйренуге, бұл жөнінен де сауатсыз қалмауға;

3.12 Оқушылар мен студенттер мынадай жағдайда колледж есебінен шығарылады:

— осы ішкі тәртіп ережелеін өрескел бұзған, орындамаған, орындаудан бас тартқан;

— құқық бұзушылық, жекелеп немесе топтасып қылмыстық, бұзақылық іс-әрекеттер жасаған;

— ұлтаралық қатынасқа зардабы тиетін бұзақылықтар, топтасып қоқан-лоқы жасаған, түрлі ұлттық өшпенділік, экстремистік, қылмыстық топтарға қатысқан;

— есірткі, нашақорлық заттарды пайдаланған;

— қасақана колледж мүліктерін пайдалануға жарамсыз етіп бүлдірген;

— ұзақ мерзім (45 сағаттан жоғары) белгісіз себептермен сабаққа және семестр, сессияға қатыспаған;

— Оқу ақысын дер кезінде төлемеген;

— 3 пәннен артық академиялық қарызы бар, сынақ, емтихан тапсырмаған;

— Құқық бұзушылыққа, қылмыс жасауға бейімділігі бойынша құқық қорғау органдарында есепте тұратын немесе есепке алынған;