ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АРЫС ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ

 

 

 

                                                                                    БЕКІТЕМІН

                                                                               Колледж директоры

    А.А.Бердімбет _______

«_____»________2019 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

 

 

 АРЫС ҚАЛАСЫ 2019 ж.

СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

 

1.1 Негізгі анықтамалар мен түсініктер

Студент – колледж  оқу орнының білім алушысы.

Намыс – жеке азаматтың адалдық, турашылдық, әділдік, шыншылдық сияқты жеке қасиеттерін бағалаумен байланысты кешендің моралдық-этикалық және әлеуметтік түсінік.

Интеллектуал – интелекті жоғары дамыған тұлға.

Миссия – жауапты  тапсырма, рөл, жүктеме.

 

1.2 Негізгі ережелер

Білім алу үшін өзіміз таңдаған жоғары оқу орынының, атап айтқанда «Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесін құрметтей отырып, оқу орнының Жарғысының негізгі ережелерін бұлжытпай орындауға міндеттенеміз. Колледж оқу орны студенттерінің отанымыз Қазақстан Республикасының интеллектуалды потенциалы екендігін және ата-бабаларымыздың жасап кеткен істерін ары қарай жалғастыруымыздың, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев тарапынан көрсетілген және белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруымыздың керек екендігін түсіне отырып, біз өзімізге келесі міндеттемелерді қабылдаймыз: 

  • оқуға — біздің негізгі міндетімізге — жауапкершілікпен қарау;
  • сапалы білім алуға ұмтылу, өзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды, қасиеттерді меңгеру;
  • ата-бабамыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, өткенді білмей болашаққа бару мүмкін емес;
  • өз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру;
  • өз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына, өсіп өркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.

Жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында студенттерге жүктелген міндеттемелер мен құқықтарымен толық келісеміз:

  1. Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес  білім алу;
  2. Келісім-шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;

3.Өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, өзінің жеке пікірлері мен түсініктерін еркін баяндауға;

  1. Колледждің барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледждің  басқару органдары арқылы, қатысуға;
  2. Колледждің кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға;
  3. Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен семинарларға, мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;
  4. Оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
  5. Студенттік өзін -өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;
  6. Колледж қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру шеңберіндегі шараларға еркін қатысуға;
  7. Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;
  8. Өздерінің мәдени және рухани деңгейлерін көтеруге, өздері оқитын колледждің  мәртебесін арттыруға;
  9. Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, ЖОО оқытушылары мен студенттердің жеке пікірлерімен санасуға;
  10. Колледждің мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру ережелерін сақтауға;
  11. Студенттердің өз қылықтары мен қимылдарына өздерінің жауап бере алатындықтарын ескере отырып, өздерінің қимыл әрекеттерінен бөтендерге зәбір көрсету, оларға күш көрсету, өзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді (соның ішінде дөрекі сөйлеу мен қимылдау, айқайлау, түкіру және т.с.с.) болдырмау;
  12. Студенттердің академиялық ар намысы мен абыройын сақтау, төмендегілерге жол бермеу:
  • академиялық жұмыстарды орындау мен аралық немесе қорытынды бақылау барысында өзіне көмектесу мен басқа біреуге көмектесу мақсатында мәліметтер алуды, көшіру, заңсыз материалдарды пайдалану сияқты заңсыз әрекеттеріне бармау;
  • бөгде біреулердің идеялары мен ойларын ұрлау немесе оларды өзінің жұмыстарының нәтижелері ретінде көрсету немесе пайдалану;
  • тәртіп бұзудың басқа да заңсыз әрекеттеріне бармау: құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасау, жалған сөйлеу, көшіру, мәліметтерді (соның ішінде компьютерлік) рұқсатсыз, өзгерту немесе пайдалану;
  • өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өздеріне берілген құқықтар шеңберінде студенттер марапатталуы мүмкін. Ол үшін колледжде марапаттаудың әртүрлі формалары мен түрлері болуы мүмкін;
  • өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерге әртүрлі шаралар да қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, колледж Жарғысын орындамағаны үшін оқудан  шығару

1.3  Студенттердің міндеттері мен құқықтары

Студенттің міндеті:

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының толық көлемінде кәсіптік білім алуға, біліктілік пен практикалық дағдыларды игеруге, оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай жүйелі түрде сабаққа қатысуға;
  2. Дәлелді себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда, колледжге өзі немесе туысқандары арқылы хабардар етуге;
  3. Науқастануға байланысты сабақтарға қатыспаған жағдайда колледжге  дәлелді себептерді растайтын анықтама құжаттарын тапсыруға;
  4. Көрсетілген уақытта және мөлшерде (инфляцияға байланысты өзгерістер енуі мүмкін) шартқа және 1 қосымшаға сәйкес оқу ақысын төлеуге. Қажет болса білім беруге жұмсалған қосымша шығындарды қоса төлеуге;
  5. Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес ішкі оқу тәртібі мен міндет талаптарын сақтай отырып («Білім туралы» Заңының 47-бап, 14 тармағы, 2007 жылғы 27 шілде №319-III-ҚРЗ ) оқу ісін реттеу тәртіптері мен тазалықты сақтауға. Техникалық. өртті сөндіру қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңнамасында тікелей немесе жанама түрде көрсетілген талаптарды орындауға;
  6. Колледждің іскерлігін және беделін құрметтеуге, колледж туралы жағымсыз ақпарат таратпауға;
  7. Кітапханадан алған әдебиеттерді уақытылы қайтаруға, егер уақытында қайтармаса, колледждің ішкі тәртіптік құжаттарына сәйкес өсім ақы төлеуге;
  8. Бір оқудан басқа оқуға ауысқысы немесе қайтадан оқуға қабылданғысы келсе, оқуға қабылданғандығы туралы бұйрық шыққан күннен жеті күн ішінде пән айырмашылықтарын өтеуге байланысты шығынды төлеуге;
  9. Колледждің қоғамдық өміріне, ғылыми жұмыстарға белсене қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында колледждің ішкі құжаттарына көрсетілген талаптарды орындауға;

10.Колледждің мүліктерін ұқыпты сақтауға, оны тиімді пайдалануға, оқуға қолайлы жағдай жасауға белсенділік танытуға;

  1. Колледж мүлігіне толық немесе ішінара залал келтірсе мүліктің толық құнын төлеуге;
  2. Колледждің оқытушылары мен қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
  3. Әскери есепке тұру ережелерін сақтауға;
  4. Отбасылық жағдайы, тұрған жері, телефоны өзгерсе, үш күн мерзім ішінде өзгерістер туралы хабардар етуге;
  5. Колледждің өкімдері мен бұйрықтарын, Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, осы шарттың талаптарын орындауға.

Студенттің құқықтары:

  1. Оқудың бір түрінен екіншісіне, бір оқу орнынан басқа оқу орнына ауысуға, сонымен қатар білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу түрінен мемлекеттік білім беру тапсырысы жолымен оқуға ауысуға;
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен басқада тиісті мемлекеттік ұйымдар белгілеген  тәртіп бойынша денсаулығына байланысты академиялық демалыс алуға;
  3. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында қаралса, әскер қатарына шақырылуын кейінге қалдыруға;
  4. Оқу ақысын бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық төлесе онда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін  өзгермейтін болады;
  5. Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеуге. Онда төлем сомасы жалақының ұлғаю жағдайында және инфляция индексіне сай жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін;
  6. Қосымша ақы төлеу арқылы мемлекеттік стандарттық білім беру қызметінен басқа қосымша білім алуына;
  7. Колледждің шешімімен жеке оқу жоспарымен немесе жеделдетілген бағдарламамен шартқа қосымша тіркемемен белгіленіп қосымша білім алуға;  
  8. Кітапхана қорындағы және оқу залындағы ғылыми, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттерді, техникалық құралдарды еркін пайдалануға;
  9. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен академиялық демалыстан кейін колледжге кайта қабылдануға;
  10. Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымына қатысуға.

 

1.4  Студенттердің  тәртіп ережелері

Студенттердің тәртіп ережелері колледждің ішкі тәртіп ережелері аясында жасалынған.

Колледжде, сабаққа кешігу және келмеу Ережені дөрекі бұзу болып табылады. Белгілі себептермен сабаққа келмеу, қоғамдық іс-шараларға қатыспау құжатты түрде расталуы керек.

Студенттер сабаққа қоңырау соғылғанға 1,5-2 минут қалғанға дейін оқу дәрісханасынан орын алып, оқу сабағына дайын болу керек. Әрбір студент берілген 90 минут оқу сабағын тиімді пайдалануы тиіс.

Топ старостасы әр күнге кезекшілер тағайындайды. Студенттерден кейін дәрісхана келесі сабаққа таза күйінде қалу керек.

Студенттер оқытушы дәрісханаға кіргенде, орындарынан тұрып амандасады, оның рұқсатымен ғана өз орындарына отырады. Студенттер колледждің ішкі тәртіп ережесін сақтауға, темекі тартпауға, қатты сөйлемеуге, ішімдік ішпеуге, оқытушыларға, курстастарына жылы сөйлеуге,  ұялы телефондарын қолданбауға  қоюға міндетті.

Студент асхана мен буфеттерде арнайы бекітілген тәртіп бойынша  қызмет көрсетуші құрамдармен сыпайы болуға, жеке гигиенаны сақтауға және оның нормаларымен жүруге, тамақтану мәдениетінің талаптарын ұстануға міндетті.

Колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттерді оқудан шығаруға директордың орынбасарлары директорға ұсыныс жасайды.

 

     

Бекітемін:

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі»мекемесінің директоры:

_______________А.A. Бердімбет

«_____»_____________2020ж

БІЛІМ   САЛАСЫ  БАҒЫТЫНДАҒЫ  ЖЫЛДЫҚ  ЖОСПАР
«Парасаттылық мектебі»
Күні/Айы Іс-шара атауы Қатысушылар (Контингент) Жауаптылар
1 7.09.2020ж – 17.09.2020ж    аралығында «Парасаттылық мектеп – адалдықтың бастауы»  тақырыбында                                          Парасаттылық мектебінің  жетекшілері Парасаттылық мектебі мүшелерімен ZOOM платформасында кездесу ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
2 25.09.2020ж – 30.09.2020ж    аралығында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бойынша департаменті 1424 CCAL-орталығының  және  оқу орнының  Сенім телефон номерін  колледж сайтнда  әлеуметтік желіде   жариялау ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
3 05.10.2020ж – 9. 10.2020ж    аралығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалаймыз»   тақырыбында 

Парасаттылық мектебінің                                             мүшелері  видеоролик түсіру  (2-минуттық)

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
4 19.10.2020ж – 23.10.2020ж    аралығында «Парасаттылық отбасынан басталады»

 ата-аналармен кездесу

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
5 02.11.2020ж – 06.11.2020ж    аралығында Адал білім — болашаққа апарар жарқын жол   Парасаттылық мектебінің  жетекшілері университет, колледж студенттерімен  ZOOM платформасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

 

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
6 16.11.2020ж – 20.11.2020ж    аралығында «БІЗ СІЗДЕРГЕ РИЗАМЫЗ» Әлеуметтік желіде рахмет айту ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
7 30.11.2020ж-4.12.2020ж 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында бейнеролик түсіру

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
  07.12.2020ж – 11.12.2020ж    аралығында 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай

 « Басты ұстаным – әділдік, парасаттылық және сенім»
Эссе жазу байқауы

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
8 21.12.2020ж – 25.12.2020ж    аралығында  «Білім саласында Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Колледж директорларының әлеуметтік желідегі тікелей көрсетілімі

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
9 25.12.2020ж -25.01.2021ж

аралығында

«Таза сессия» акциясы ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
10 11,01,2021ж –

15,01.2021ж

  Парасаттылық орталығы және парасаттылық мектептерінің жарты жылдық атқарған іс шаралары бойынша әлеуметтік желіде тікелей эфирде ПРЕЗЕНТАЦИЯ жүргізу ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
11 01,02,2021ж –

05,02.2021ж аралығында

«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ  БОЛАШАҚ»

Сурет Battle

 

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
12 15.02.2021ж – 19.02.2021ж    аралығында « Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге» . «БРЭЙН  РИНГ» интелектуалдық ойын
ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
13 01.03.2021ж – 05.03.2021ж    аралығында «Тәрбиесіз берілген білім

 адамзаттың қас жауы»

Жетекші маман, колледж директоры, директордың орынбасарларының қатысуымен  ZOOM платформасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
14 15.03.2021ж – 19.03.2021ж    аралығында …Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.

 Әлеуметтік желіде  Абай атамыздың адалдық парасаттылық туралы өлең,қара сөздерін жатқа  айту ЭСТАФЕТАСЫ

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
15 29.03.2021ж –

02.04.2021ж    аралығында

«Әл-Фараби және қайырымды  жастар» 

 Жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру жұмысы

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
16 12.04.2021ж –

16.04.2021ж    аралығында

Адалдық жолынан айнымайық

тақырыбында бейнеролик түсіру

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
17 19.04.2021ж – 23.04.2021ж    аралығында Парасатты жастар-

 жарқын болашақ кепілі!

Челлендж

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
18 26.04.2021ж – 30.04.2021ж    аралығында  Әлеуметтік желіде  оқу орнының  Сенім телефонына келіп түскен хаттарды ашып, желіде  жариялау   ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
19 10.05.2021ж – 14.05.2021ж    аралығында «Оқытушы студенттің көзімен» БАРЛЫҚ топ студенттері арасында Сауалнама жүргізу ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
20 24.05.2021ж – 28.05.2021ж    аралығында «Таза сессия» акциясы ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
21 07.06.2021ж – 11.06.2021ж    аралығында   Парасаттылық орталығы және парасаттылық мектептерінің жылдық атқарған іс шаралары бойынша әлеуметтік желіде тікелей эфирде ПРЕЗЕНТАЦИЯ жүргізу ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Парасаттылық мектебі» жетекшісі:                    М.Аман

 

Бекітемін:

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі»мекемесінің директоры:

_______________А.A. Бердімбет

«_____»_____________2020ж

 

 

                                                                                                 «Ізгілік елшілері»

 

Күні/Айы Іс-шара атауы Қатысушылар (Контингент)  
1 23.09.2020ж – 29.09.2020ж    аралығында «Ізгілік елшілері – адалдықтың шырағы»  тақырыбында                                                               «Ізгілік елшілері»  жетекшілері «Ізгілік елшілері» ерікті  мүшелерімен  ZOOM платформасында кездесу ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог,Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі

Әлеуметтік педогог

2 12.10.2020ж – 16.10.2020ж    аралығында «Біз Ізгілік елшілері — ізгіліктің бастауымыз»   тақырыбында 

Ізгілік елшілері мүшелері  видеоролик түсіру  (2-минуттық)

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог,Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі

Әлеуметтік педогог

3 09.11.2020ж – 13.11.2020ж    аралығында «Әл-Фараби және қайырымды  жастар» 

 Жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру жұмысы

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог,Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі

Әлеуметтік педогог

4 14.12.2020ж – 18.12.2020ж    аралығында «Жақсылық жасауға асығайық» Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек акциясы

 

Адами әлеуетті дамыту басқармасы және Түркістан қаласының білім бөлімі, БАҚ өкілдері ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі

Әлеуметтік педогог

5 18.01.2021ж – 22.01.2021ж    аралығында «Көмек қолын созайық»

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

 

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог, Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі

Әлеуметтік педогог

6 22.02.2021ж – 26.02.2021ж    аралығында Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.Мүмкіндігі шектеулі балаларға

көмек қолын созу акциясы

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог, Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
7 05.03.2021ж – 12.03.2021ж    аралығында Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Көп  балалы  аналарға  көмек қайырымдылық акциясы

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог, Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
8 05.04.2021ж – 9.04.2021ж    аралығында «Жүрекке жылу берген-дәрігер»                                            Суреттер байқауы.

 

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог, Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
9 17.05.2021ж – 21.05.2021ж    аралығында «Біз біргеміз»  қайырымдылық акциясы ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог, Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
10 14.06.2021ж – 18.06.2021ж    аралығында Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.

ЖОО мен КжТБ беру ұйымдарының басшыларының «Ізгілік елшілері» ерікті  мүшелерімен  ZOOM платформасында  кездесуі

ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог, Қамқоршылық кеңес) ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
11 21.06.2021ж – 25.06.2021ж    аралығында Ізгілік елшілерінің  жарты жылдық атқарған іс шаралары бойынша әлеуметтік желіде тікелей эфирде ПРЕЗЕНТАЦИЯ жүргізу ДТЖЖО,  «Парасаттылық мектебі» жетекшісі, мүшелері («Ізгілік елшілері» еріктілер клубы, Әлеуметтік-педагог, Қамқоршылық кеңес)

 

 

 

 

 

ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ізгілік елшілері»жетекшісі:                    М.Аман

 

 

Бекітемін:

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі»мекемесінің директоры:

_______________А.A. Бердімбет

«_____»_____________2020ж

 

 

                                                                                                  «Саналы ұрпақ»

 

Күні/Айы Іс-шара атауы Қатысушылар (Контингент)  
1 15.09.2020ж – 17.09.2020ж    аралығында «Саналы ұрпақ – ел болашағы»  тақырыбында                                                       Саналы ұрпақ  жетекшілері                                      « Саналы ұрпақ» мүшелерімен ZOOM платформасында  кездесу ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі ДТЖЖО, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі
2 25.09.2020ж – 30.09.2020ж    аралығында « Біз Адалдықты ту еткен саналы ұрпақпыз »   тақырыбында 

Саналы ұрпақ                                            мүшелері  видеоролик түсіру  (2-минуттық)

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
3 26.10.2020ж – 30.10.2020ж    аралығында «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай»

ЭССЕ жазу

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
4 23.11.2020ж – 27.11.2020ж    аралығында « Қашықтықтан білім ал!
   Оқуыңа зейін сал!»
 «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі мүшелерінің челенджі
ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
5 30.11.2020ж – 04.12.2020ж    аралығында «Пара нәсіп болмайды»

Дін өкілдерімен  ZOOM платформасында  кездесу

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі, Қоғамдық даму басқармасы, дін істері бөлімінің қызметкері Жалғас Мұхтарұлы ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
6 25.01.2021ж – 29.01.2021ж    аралығында « Біз саналы ұрпақ – болашақтың негізі,әділдіктің бастауы »

«Брэйн Ринг» интеллектуалды ойыны

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
7  8.02.2021ж – 12.02.2021ж    аралығында «Біз біргеміз –біз үйдеміз»

Сурет Battle

 

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі,

«Ізгілік елшілері» еріктілер клубы

ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
8 29.03.2021ж – 02.04.2021ж    аралығында «Адал бол» акциясы

видеоролик түсіру  (2-5 минуттық)

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі ДТЖЖО,
9 05.04.2021ж – 09.04.2021ж    аралығында «Студенттің көзімен» Сауалнама

 оқытушы ұстаздардың адал білім беру нәтижесі

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі, ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
10 03.05.2021ж – 07.05.2021ж    аралығында «Адалдықтың айнасы»

Таза сессия аясында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі мүшелерімен кездесу

 

«Ізгілік елшілері» еріктілер клубы ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі
11 14.06.2021ж – 19.06.2021ж    аралығында Саналы ұрпақ жобалық кеңсесінің жарты жылдық атқарған іс шаралары бойынша әлеуметтік желіде тікелей эфирде ПРЕЗЕНТАЦИЯ жүргізу

 

ДТЖЖО  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі, ДТЖЖО, «Парасаттылық мектебі» жетекшісі

 

 

 

 

«Парасаттылық мектебі» жетекшісі:                           М.Аман

 

 

 

 

«Саналы ұрпақ-ел болашағы» «Саналы ұрпақ» мүшелерімен ZOOM платформасында кездесу өткізілді