Мамандық таңдау-маңызды іс.

Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжінде 2023-2024 оқу жылына студенттер қабылдау мақсатында   бекітілген мектептерге үгіт –насихат жұмысын өткізу графигі мен жоспарын құрылды.  Колледждегі мамандықтары бойынша  проспекті құрылып, прайслист шығарылды.

Сайрам ауданы мектептеріне жауапты оқытушыларды тағайындалып жқмыс жүргізілуде. БАҚ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық газеттерге мақалалар жарияланды.

Мектептердегі «Бейіндік оқыту»  – саралай және даралай оқытудың құралы, білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың  қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына сәйкес оқыту жағдайларын жасау үрдісімен танысып, бірлесе жұмыс жүргізуде.

 Кәсіби бағдар бойынша «Еңбек нарығын, аймақ пен қаладағы сұранысқа ие мамандықтарды талдау»; –  мамандық таңдау қағидалары туралы (мамандық таңдаудағы үйреншікті қателіктер мен қиындықтар аталады); –  «Өзі туралы түсінік және болашақ мамандықты таңдау» — туралы мектеп түлектері ақпараттанды.

Share this Post