«Арыс гуманитарлы — техникалық колледжі»  мекемесі

 

Колледж тарихы

 

        Арыс қаласындағы «Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесі жеке меншіктегі білім ордасы ретінде 1997 жылдың 17 қарашасында ҚР Білім,  мәдениет  және денсаулық сақтау министрлігінің №441 бұйрығымен құрылып, білім беру  қызметін 1998 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап қызмет атқарады.

Мемлекеттік лицензиясы № KZ29LAA00014229,

Мемлекеттік тіркеу №5861-1958-М-е 19.08.1997ж.

Құрылтайшы:  Бердімбет Аман Мәдібекұлы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі».

Колледждің мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы,  М.Дулатов көшесі, №97 А үй.

Сымтетіктері: 5-43-64, 2-13-14.

Электронды мекен-жайы: azhdk@mail.ru

Ғимараттың жалпы көлемі, шаршы метр – 4287.76

Оку ғимаратының жобалык куаттылыгы, окушылар орындары – 1173

Спорт залдың көлемі, шаршы метр – 720

Акт залыныңкөлемі, шаршы метр – 730

Жатакханалардьвд көлемі, шаршы метр – 180

Асхананың жобалык куаттылыгы, отыратын орындар – 80

Оку кабинеттерінің саны, бірлік – 39

Зертханалар саны, бірлік – 9

Шеберханалар саны, бірлік – 5

Авто (тракто) дромдар саны, бірлік – 1

Компьютерлік сыныптар саны, бірлік – 5

Оку процесінде колданылатын компьютерлер саны, бірлік – 28

«Арыс гуманитарлы-техникалық колледжі» мекемесінде  басшылық және оқытушылар құрамы негізінде 44 қызметкер жұмыс істейді. Жалпы білім беру кафедрасы, кәсіптік және арнайы білім беру кафедрасы бойынша 28 оқытушы (5 жоғары санатты; 5 бірінші санатты; 7 екінші санатты және 11 санатсыз оқытушы, 2 магистр)  студенттерге білім береді. 

              Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet-AB» қоғамдық бірлестігінің шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен Бердімбет Алтынай Аманқызы, Дарбышев Жарылқасын Ишматұлы, Садыкова Лаззат Егембердиевна, Аккузова Бибижан Аймаковна, Айтбаева Мусалим Жалиевна марапатталған.

                Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табстары үшін Садыкова Лаззат Егембердиевна және Айтбаева Мусалим Жалиевна «Ы.Алтынсарин» белгісін иеленген.

                «Арыс гуманитарлы – техникалық колледжі» мекемесінде «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)»; «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»; «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)»; «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»; «Есеп және аудит (салалар боынша)»; «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»; «Бастауыш білім беру»;«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша мамандар дайындайды.Колледжде оқу процесін ұйымдастыру жарғыда көрсетілгендей қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілген. Барлық мамандықтар бойынша оқу процесінің ұйымдастырылуы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен үлгілік және жұмыс жоспарлар, бағдарламалар негізінде жүргізіледі.

                Колледжде басқару органдары: педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, пәндер кафедрасы, дене тәрбиесі жұмысы, әлеуметтік тәрбие жұмысы қызмет етеді. Барлық басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру соған қатысты басшылардың бекіткен жоспарларының негізінде жүзеге асырылады. Педагогикалық кеңестің мәжілісі оқу жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп, онда семестрлік және жылдық жұмыстардың қорытындысы, білім сапасын арттыру, оқу материалдық базаны нығайту, оқытушыларды аттестациялаудың қорытындысы, колледжге студент қабылдау жұмыстары және қаржылық – шаруашылық мәселелері қарастырылады.