«Ақсукент Гуманитарлық-техникалық колледжі» жеке мекемесі коммерциялық емес ұйым болып табылады. ЖШС құрылтайшысы Нишанбаев Закир Розакулович бастамасымен құрылған. «Ақсукент Гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖМ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бұйрықтарына, құрылтайшының жалпы жиналысымен және басқа да ішкі өкімдік құжаттармен бекітілген колледж Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Меншік нысаны: жеке мекеме. Сайрам ауданы Әділет басқармасымен берілген 2017 жылғы 12 Сәуір № 10100315616321 заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ол Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде құрылтай құжаттарына сәйкес қызметті жүзеге асыруға құқық береді. Негізгі қызмет түрі: білім беру қызметтері. Колледждің заңды мекен-жайы: 160800, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сайрам ауданы Ақсукент ауылы, телефон / факс 8 (725 31) 22077 e-mail: agtk.college@mail.ru Ақсукент ауылы Білім басқармасының «Ақсукент гуманитарлық-техникалық колледжі» Сайрам ауданында техникалық колледж болып құрылып 2017 жылы колледж мәртебесін алды. Колледж білім беру қызметін Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2021 жылы 28 сәуіріндегі №90-н/л бұйрығымен берілген №00014666 Мемлекеттік лицензиясы негізінде жүргізеді. (2-қосымша) Колледж 2019 жылдың наурыз айында мемлекеттік аккредитациядан өтті. Мемлекеттік аккредитация комиссиясы «Ақсукент гуманитарлық-техникалық колледжінің» білім беру қызметі барлық мамандықтар бойынша ҚР МЖМБС сәйкес деп көрсетті. Мекеме бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын, білім беру қызметін жүргізу құқығы бар заңды тұлға болып табылады. Білім беру қызметін жүзеге асыру түрі – күндізгі . Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі білім алушылардың әлеуметтік қажеттіліктері мен талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ өз қызметін бағалау үшін жұмыс жасайды. Материалдық — техникалық базасы — 2 қабатты оқу ғимараттары — (3648 шаршы метр) және 12 оқу кабинеттері; 2 қабатты студенттер жатақханасы — (100 орындық); асхана — (40 орындық); акт залы — (500 орындық); 1 спорт залы — (150 шаршы метр) Болашақтағы жоспары — Қазақстандағы техникалық кәсіптік білім беру саласындағы педагог мамандар дайындаудың көшбасшысы, ғылыми — әдістемелік орталық, кең көлемдегі білім беру қызметін ұсынушы, бәсекеге қабілетті, құзыретті орта буын мамандарын дайындаушы, оқыту әдістерінің озық технологияларын тиімді іске асырушы болу. Осы жоспарға жету мақсатында Ақсукент гуманитарлық-техникалық колледжі өзінің білім беру қызметін 2017 жылы «Ақсукент гуманитарлық- техникалық колледжі» болып бaстаған. 1. 07161300- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 2. 07230100- Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 3. 07221400- Жиһаз өндірісі 4.01120100- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім беру бағдарламасы колледждің миссиясы мен стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.
