2022 жылы «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында ұлт ұстазы, Алаш қайраткері қазақ әліпбиінің және тіл білімінің негізін салушы ғалым, публицист, педагог Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынов — қазақ халқының рухани көсемі» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Ақпараттық сағатта қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының ағартушылық еңбектері, тіл білімін терең зерттеп жүрген ғалымдар мен сыншылардың еңбектері, қазақ тілінің өзекті мәселелері мен ұсыныстары, жалпы қазақ тілінің грамматикасы, тілдік қатынас, сөйлеу мәдениеті туралы еңбектер оқырман назарына ұсынылды. Оқырмандарды «Ұлт ұстазы Алаш ардақтысы» атты кітап көрмесімен таныстырылды. А.Байтұрсынұлының өмірбаяны, тұлға туралы қызықты 12 дерек, «Тіл ғылымының атасы», «Көшелі ойдың шебері» жинақ кітапшалары қойылған.